Жиі төлемеу жағдайлары, жеке тұлғалардың арасында да, заңды тұлғалардың арасында да қарыздың өсуі коллекторлық компаниялардың қызметтерін көбірек қажет етеді.
- Коллекторлық компаниялардың жұмыс істеу мақсаты – әртүрлі себептермен өздерінің қаржылық міндеттемелерін орындауын тоқтатқан қиындықты борышкерлерден қарыздарды өтеу. Коллекторлық компания жұмысының сәттілігі көп жағдайда оның қызметіне уақытында жүгінуге байланысты.
2008 жылы бүкіләлемдік қаржылық дағдарыс өршіп тұрғанда, көп қаржылық құрылымдар әлі беймәлім қиындықтар мен қауіпке тап болғанда, банктік қарыздық портфельдің өтімділігі бүкіл қаржылық жүйе тұрақтылығының кепіліне айналғанда Еуразиялық қаржылық холдингінің акционерлері «Еуразиялық коллекторлық агенттік» ЖШС-ін құру туралы шешім қабылдады. Компания өз қызметінің басында тек «Еуразиялық банк» АҚ қарыздық портфелін сауықтыруға ғана бағытталған. Жағдай тұрақталғаннан кейін компанияның басымдықтары өзгерді және бүгінгі таңда «Еуразиялық коллекторлық агенттік» ЖШС тапсырыс берушілердің кең спектріне қарызды сотқа дейін өтеуді, қарызды сотта өтеуді, жасырылған кепілдік мүлікті іздеуді және қайтаруды, кепілге қойылған мүлікті соттан тыс сатуды, атқару өндірісін қамтитын коллектролық қызметтердің шектелген тізімін көрсетеді.
«Еуразиялық коллекторлық агенттік» ЖШС-нің слоганы «Біз дәнекер боламыз» деп аталады және бұл кездейсоқ емес. Компанияның Бас директоры Ермұхаметов Рахым Мекенұлының айтуынша қиын жағдайға тап болған кейбір борышкерлер қарызды қалай өтеуге болатынын білмейді. Бұл жағдайда «Еуразиялық коллекторлық агенттік» ЖШС несие беруші мен борышкердің арасында, оларға қарсы жол ашып, өзара түсінісуге дәнекер болады.
Бүгінгі таңда компанияның клиенттері банктер ғана емес, орта және шағын бизнес субъектілері де, жеке тұлғалар да болып табылады. Компанияның қызметкерлері өзінің әр клиентіне жеке әдіс табады. Қарыз тек қаржылық қана еместігін ескеру керек. Және әр жеке жағдайда жалғыз дұрыс шешім табу керек. Және тек Заң шеңберінде! «Еуразиялық коллекторлық агенттік» ЖШС үшін қарызды қайтару – қызметтің профильдік бағыты, сондықтан өтеу процесінің өзіне ерекше назар аударылады. Осы бағытта тапсырмалар сапалы және кәсіби жасалады. Дұрыс қалыптасқан жұмыс компаниямызға даусыз қарыздың көп бөлігін сотқа дейін өтеуге көмектеседі.
«Еуразиялық коллекторлық агенттік» ЖШС қиындықты қарызды тікелей өтеуден басқа, олардың туындауын алдын алумен де айналысады: қайтармаудың алдын алу бойынша кеңес береді, қарызды сатып алады және басқа.
Компанияда заңгерлердің, экономистердің, құқық қорғау органдарында жұмыс істеу тәжірибесі бар мамандардың кәсіби командасы жұмыс істейді. Олардың барлығы соңғы нәтиже – қарызды өтеу үшін жұмыс істейді. Сонымен бірге олар мақсат қаражатты растайды дегендердің қатарынан емес. Тапсырыс берушімен өзара қарым-қатынасу айқындығының, адал бәсекелестіктің, борышкерлерге этикалық тұрғыдан қараудың ұстанымдары «Еуразиялық коллекторлық агенттік» ЖШС беделінің негізін құрайды.
Бүгінгі күні «Еуразиялық коллекторлық агенттік» ЖШС Қазақстан Республикасының ең ірі коллекторлық компаниялардың ондығына кіреді. Қарқындылық пен даму компания саясатының ұстанымы болып табылатындықтан, «Еуразиялық коллекторлық агенттік» ЖШС болашақта өз қызметін кеңейтуді және адвокаттық
|