РУС

КАЗ

тел: +7 (727) 339-21-43
тел: +7 (727) 339-21-46


Бас беттегi тарау – компания туралы

 

«Еуразиялық коллекторлық агенттік» ЖШС 2008ж. тамызында құрылған. Біздің компаниямыз Қазақстан Республикасының аумағында жетекші коллекторлық агенттіктердің бірі болып табылады. Компания қызметінің негізгі бағыты жеке және заңды тұлғалардың барлық қарыз түрлерін қайтару бойынша кешенді қызмет көрсету болып табылады.

Компанияның кадрлар негізін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында жұмыс істеу тәжірибесі және қажетті дағдысы бар қызметкерлер құрайды.

«Еуразиялық коллекторлық агенттік» ЖШС басшысы Бас директор – Ермұхаметов Рахым Мекенұлы болып табылады.

Компания менеджментінің коллекторлық қызмет ерекшелігін, әсіресе оның құқықтық жағын терең білгені қиындықты қарызды қайтару механизмін және технологиясын аса тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.

Коллекторлық жұмыстың жинақталған дағдысы тәжірибеде сәтті қолданылады, бұл жағдай Агеттікке өз Клиенттеріне қиындықты қарызды, әсіресе несиелік коллекторлық бөлігіндегі қарызды қайтару және қызмет көрсету бойынша жоғары білікті және технологиялық тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Дамыған өңірлік желі, аумақтардағы сенімді және тұрақты іскерлік байланыстар бүкіл Қазақстан аймағында қарыздарды қайтару бойынша тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.

«Еуразиялық коллекторлық агенттік» ЖШС 2008 жылы құрылған сәттен бастап ақылға қонымды комиссиялық сыйақы үшін қиындықты қарызды қайтару бойынша табысты қызмет көрсетеді. Көп жағдайда несие беруші мен қарыз алушы арасында делдал болып, туындаған дауларды реттеу бойынша өзара шешім табуға көмектеседі. «Еуразиялық коллекторлық агенттік» ЖШС біршама қысқа мерзімде Еуразиялық холдинг қолдауын пайдаланып, коллекторлық қызметтер нарығында көшбасшы орынның біріне сенімді түрде ие болды. «Еуразиялық коллекторлық агенттік» ЖШС-нің сәтті қызметі персоналының жоғары біліктілігі мен кәсібилігімен, көшбасшы бағдарламалық жасақтамамен және дамыған өңірлік желімен қамтамасыз етіледі. Компанияның әмбебаптылығы: жасырынған қарыз алушыны және кепілге берілген жасырылған мүлікті іздеуден пайда болған сот шешімін орындауға дейін – қарызды өтеудің кез келген сәтінде іске кірісуге мүмкіндік береді. «Еуразиялық коллекторлық агенттік» ЖШС-мен жұмыс істейтін Тапсырыс берушілер мен олардың қарыз алушылары заңды да, жеке де тұлғалар болып табылады.